Жамбыл облысында блогер видеосы үшін 10 тәулікке қамалды

192

Ол ұсақ бұзақылық жасаған. 

Жамбыл облысында блогер видеосы үшін 10 тәулікке қамалды Фото: бейнежазбадан

Жамбыл облысында қоғамдық тәртіпті өрескел бұзған блогер жауапқа тартылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Полицияның мәліметінше, блогер супермаркеттердің бірінің жарнамасын түсіру кезінде қоғамдық тәртіпті өрескел бұзған.

Болашақ көрермендердің назарын аудартуға тырысқан блогер қойылым ретінде автокөліктің алдыңғы әйнегін сындырған. Кейін жолаушымен дөрекі түрде сөйлесіп, өтіп бара жатқан адамдарды шошытқан.

Полиция құқық бұзушыны анықтап, оны ұсақ бұзақылық жасағаны үшін жауапкершілікке тартты. Супермаркет жарнамасын агрессивті түрде түсіргені үшін блогер 10 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу