Жамбыл облысында бойжеткен TikTok-та танысқан жігітке 1,4 млн теңге қарыз беріп, алданып қалды

119

Оқиға биыл маусым айында басталған.  

Жамбыл облысында бойжеткен TikTok-та танысқан жігітке 1,4 млн теңге қарыз беріп, алданып қалды Фото: grozny.tv

Жамбыл облысының тұрғыны әлеуметтік желі арқылы танысқан жігітке сеніп, қомақты қаржы берген, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

TikTok-та танысқан жігіт қыздың сеніміне кіріп, бірнеше рет қаржылай көмек сұраған. Кейін Түркияда шұғыл ота жасату керек екенін айтып, одан 1,4 млн теңге алған. Қыз ақша жинап беруге мәжбүр болған. Жігіт қаражатты қайтаратынын айтқанымен, уәдесінде тұрмай, хабарсыз кеткен.

Ақшасын қайтара алмаған бойжеткен сотқа жүгініп, қарызды өндірумен қатар 1 млн теңге моральдық шығын талап еткен. Алайда іс толық сот талқылауына жетпей, тараптар медиация арқылы келісімге келді. Келісімге сәйкес, жігіт берешекті толық өтеуге міндеттелді, ал қыз қосымша талаптардан бас тартты.

Сот тараптардың келісімін бекітіп, істі тоқтатты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу