Жамбыл облысында бос жатқан 40 мың гектар жер мемлекетке қайтарылды

937

Өңірде егістік  алқабы өткен жылмен салыстырғанда 47 мың гектарға ұлғайтылған. 

Жамбыл облысында бос жатқан 40 мың гектар жер мемлекетке қайтарылды

Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ауыл шаруашылығы саласында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Аймақ басшысы егістік алқаптары мен жайылымдық жерлердің бос жатпауына айрықша назар аударылып отырғанын баса айтты.

"Биыл өңірде егістік  алқабы өткен жылмен салыстырғанда 47 мың гектарға ұлғайып, 768,5 мың гектарға жеткен. Егіс алқаптарын әртараптандыру мақсатында түрік инвесторының қатысуымен таңқурай мен құлпынай отырғызылып, алғаш рет 868 гектар алқапқа қысқы рапс егілген. Соңғы үш жылда 59,1 мың гектар суармалы жер қалпына келтіріліп, жалпы көлемі 180 мың гектарды құрады", – деді өңір әкімі.

Бердібек Сапарбаевтың айтуынша, облыста пайдаланылмай жатқан 41 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылған.

"Сонымен қатар балық шаруашылығына арналған 142 су қоймасы болса, оның 24-і жасанды. Форель балықтарын өсіруге арналған 17 тау учаскелері анықталған. Облыста  балық өндірісін 2025 жылға қарай 5 мың тоннаға дейін жеткізу жоспарлануда", – деді Бердібек Сапарбаев.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу