Жамбыл облысында былтыр көпқабатты 34 тұрғын үй пайдалануға берілді

Былтыр білім саласында – 15 нысан, денсаулық сақтау саласында – 17 нысан пайдалануға берілген. 

Жамбыл облысында былтыр көпқабатты 34 тұрғын үй пайдалануға берілді Фото: zhambylnews.kz

Жамбыл облысында 2022 жылы 68 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы жүргізіліп, оның 34-і пайдалануға берілген. Бұл туралы құрылыс басқармасының басшысы Ерлан Орынбаев айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Тұрғын үй кезегіндегі азаматтарды баспанамен қамтамасыз ету мақсатында 2022 жылы "Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері" ұлттық жобасы шеңберінде 4 208 пәтерлі 68 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы жүргізіліп, жыл қорытындысымен 2260 пәтерлі 34 үйдің құрылыс жұмыстары аяқталды", - деді басқарма басшысы.

Ерлан Орынбаевтың айтуынша, 2022 жылы құрылыс саласында 249 жобаны іске асыру көзделсе, жыл қорытындысымен 113 нысанның құрылысы аяқталып, қалған 136 нысан биылғы жылға қалған.

Былтыр білім саласында – 15 нысан, денсаулық сақтау саласында – 17 нысан, спорт саласында – 4 нысан, мәдениет саласында – 1 нысан пайдалануға берілген.

Аталған жобалар "Нұрлы жер", "Өңірлерді дамыту", "Ауыл – ел бесігі"  мемлекеттік бағдарламалары аясында жүзеге асуда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу