Жамбыл облысында егін ору науқаны басталды

1291

Жамбыл облысында егін ору науқаны басталды

Биыл Жамбыл облысында 254 мың 489 гектар жерге дақыл себілген. Қажетті жанар-жағар май мен техника алдын-ала дайындалғандықтан, науқан белгілінген мерзімде басталды, деп хабарлайды 24.kz.

Жергілікті диқандар өнімді дер кезінде жинап алу үшін барын салуда, жұмыс қызу жүріп жатыр. Өңірде биыл ауыл шаруашылығының егістік алқабы 620 мың гектарға жуықтады. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 26,2 мың гектарға көп. Сонымен қатар жаздық арпа 140 мың, күздік бидай 107,6 мың гектар жерге егілген.

Өткен жылы ауа райы қолайлы болып, жергілікті дихандар орта есеппен 24,5 центнерге дейін өнім жинады. Тіпті кейбір шаруақожалықтар өнімділікті 40-45 центнерге дейін жеткізіп, 10 жылда болмаған көрсеткішке қол жеткізген болатын. Биыл көктемнің кеш шығуына байланысты өнім былтырғыға қарағанда аздау. Дегенмен гектарынан 21,2 центнер алу жоспарланып отыр. Мамандар: "бұл жаман көрсеткіш емес", – дейді.

Жалпы науқан басталғалы егістіктерде мыңдаған адам еңбекке тартылған. Қажетті техникалар мен қосалқы құрал-жабдықтардың басым бөлігі жаңартылған. Былтыр бұл бағытта 2 миллиардтан астам қаражат жұмсалып, 266 бірлік жаңа ауыл шаруашылығы техникалары сатып алынса, биыл тағы әр түрлі бағыттағы 140 жаңа техника әкелінді. Бұл бірінші кезекте еңбек өнімділігін еселеп, өнімді қалдықсыз, шашпай-төкпей жинап алуға мүмкіндік береді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу