Жамбыл облысында екі ауылға таза ауызсу жетті

1224

Шалғайдағы қос елді мекенде орталықтандырылған су жүйесі бұрын-соңды болмаған

Жамбыл облысында екі ауылға таза ауызсу жетті

Жамбыл облысының Сарысу ауданындағы екі ауылға таза ауызсу жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Арыстанды мен Қызылдиқан ауылдарының тұрғындары бұған дейін тіршілік нәрін құдықтан немесе бұлақ көздерінен тасып ішкен еді. Енді бұл қиыншылықтар артта қалып, тұрғындар үйлеріне таза суды тартуда. Қызылдихан ауылын ауызсумен қамтамасыз ету жүйесі құрылысының жобалық-сметалық құны 2 миллион теңгені құрайды, 5 111 метрлік су құбыры бойында бұрғыланатын 3 ұңғыма орнатылған. Бас мердігер –"IMPULSE-LTD" ЖШС. Құрылыс барысында ұңғыманы бұрғылау, электр желісін тарту, магистральді су құбырын тарту жүргізілген. Сонымен қатар су жинау ғимаратының құрылысы жүруде. Ал, Арыстанды ауылын ауызсумен қамтудың жобалық құны 242 миллион 984 мың теңгені құраған. Аталмыш қаражатқа 5 663 метр құбыр тарту жұмыстарын мердігер "Интеллект Азия" ЖШС жүргізген. Құрылыс компаниясы құбырды тарту жұмыстарын аяқтап, резервуарды орналастыру, су жинау ғимаратының темір-бетон қоршауын орналастыру, электр желісін тарту, трансформатор орнату жұмыстарын атқарды.

"Ауданда барлығы 26 елді мекен бар десек, оның он бесі орталықтандырылған таза ауызсу тұтынып отыр. Тағы екі елді мекен қосылуда. Арғы жағында төрт елді мекеннің екеуіне жобалық-сметалық құжаттама дайындалуда. Екеуіне су асты қорын барлау, зерделеу жұмыстары анықталған. Қалған бес елді мекен бізде елу адамнан кем, әлеуметтік жағынан тиімсіз болып есептеледі", - дейді сарысу аудандық ТKШ жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Еркін Алтешов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу