Жамбыл облысында екі азаматтан аса ірі мөлшерде марихуана тәркіленді

392

Жалпы салмағы 9,6 келіден астам кептірілмеген марихуана тәркіленді.

Жамбыл облысында екі азаматтан аса ірі мөлшерде марихуана тәркіленді Фото: polisia.kz

Жамбыл облысында екі азаматтан аса ірі мөлшерде кептірілмеген марихуана тәркіленді, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

"10 тамызда көліктегі полиция департаментінің қызметкерлері “Қарасора” жедел алдын алу іс-шарасын өткізу барысында  Шу – Аспара станциясының аралығында есірткі заттарын жинау кезінде екі азаматты, Астана қаласы мен Түркістан облысының тұрғындарын ұстады. Олардан спецификалық иісі бар, жасыл түсті өсімдік тектес зат салынған бір қапшық табылып, тәркіленді", -делінген хабарламада.

Сот-сараптамалық зерттеудің қорытындысына сәйкес, тәркіленген зат жалпы салмағы 9,6 келіден астам кептірілмеген марихуана болып шықты.

Аталған факт бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 296-бабы 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу басталды.
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу