Жамбыл облысы Полиция департаментінің хабарлауынша, 17 тамыз күні түнгі сағат 01:00 шамасында республикалық маңызы бар Меркі-Шу-Бурылбайтал тас жолының 34-ші шақырымында, Меркі ауданына қарасты Тәтті ауылының маңында жол-көлік оқиғасы болған.
Тoyota Alfard минивені мен Skoda-Octavia полиция көлігі бетпе-бет соқтығысып, минивэн өртке оранған.
Оқиға салдарынан 6 адам қаза тапты. Оның екеуі – полиция қызметкері және төртеуі – Toyota Alfard көлігінің жолаушысы. Тағы төрт адам ауруханаға жеткізілді.
Төтенше жағдайлар қызметі өртті сағат 01:45-те сөндірді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу