Жамбыл облысында екі теміржолшыны пойыз басып кетті

692

Оқиға Жиделі-Бірлік учаскесінде болған.

Жамбыл облысында екі теміржолшыны пойыз басып кетті Фото: ҚТЖ баспасөз қызметі

2024 жылдың 21 қаңтарында таңғы сағат 07:27 кезінде Шығанақ-Шу учаскесінің Жиделі-Бірлік учаскесінде екі теміржолшыны пойыз басып кетті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Пойыз машинисі апаттық тежегішті басқанымен көлікті тоқтату мүмкін болмаған.

"Бүкіл мән-жайды анықтау үшін оқиға орнына ҚТЖ комиссиясы аттанды. Тергеу басталды. ҚТЖ қызметкерлердің отбасына көңіл айтып, оларға қажетті көмекті көрсетеді" деп хабарлады "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ баспасөз қызметі.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу