Жамбыл облысында ер адам әйелін жаралады: Енді науқастың еміне кеткен 330 мың теңгені мемлекетке қайтарады

303

Әйелге бюджеттен медициналық көмек үшін 330 мың теңге жұмсалған.

Жамбыл облысында ер адам әйелін жаралады: Енді науқастың еміне кеткен 330 мың теңгені мемлекетке қайтарады Фото: pexels.com

Жамбыл облысында Мойынқұм аудандық соты әйеліне дене жарақатын келтірген ер адамнан оны емдеуге жұмсалған 330 мың теңгені мемлекет пайдасына өндіріп алу туралы шешім шығарды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Сот материалдарына сәйкес, ер адамның заңсыз әрекетінен зардап шеккен жұбайы аудандық ауруханада ем алған.

Оған дейін ер адамға қатысты денсаулыққа қасақана орташа ауырлықтағы зиян келтіру дерегі бойынша қозғалған қылмыстық іс тараптардың татуласуына байланысты тоқтатылған. Алайда мемлекет емдеу шығындарын өтемегендіктен, прокурор сотқа талап арыз берген.

Сот талапты толық қанағаттандырып, жауапкерден мемлекетке 330 мың теңге материалдық залал мен мемлекеттік бажды өндіріп алу туралы шешім қабылдады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу