Жамбыл облысында есірткі өсімдігін қар астынан қазып алған күдікті ұсталды

Ресми мәліметке сәйкес, тінту кезінде одан 3,8 келі кептірілген марихуана тәркіленді. 

Жамбыл облысында есірткі өсімдігін қар астынан қазып алған күдікті ұсталды Фото: pixabay.com

Жамбыл өңірінде есірткі өсімдігін қар астынан қазып алған күдікті ұсталды. Бұл туралы inbusiness.kz сайты polisia.kz ақпараттық медиа-порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Облыстық Полиция қызметкерлері Меркі ауданы Тәтті ауылының маңындағы құмды аумақта жабайы қарасораны жинап, дайындап жүрген 51 жастағы тұрғынды ұстады.

Ресми мәліметке сәйкес, тінту кезінде одан 3,8 келі кептірілген марихуана тәркіленді.

Ұсталған азаматтың айтуы бойынша, ол есірткіні жеке қолдану мақсатында жинаған. Сондай-ақ, азамат өз ойын іске асыру мақсатында алдын ала 50 келілік қап сатып алған. Сөйтіп ол қар астынан жабайы шөптің сабақтарын қолмен қазып алып, одан кейін өсімдіктің әр сабағын бөліп жинаған.

"Ұсталған адам есірткі заттарын аса ірі мөлшерде сақтады деген күдікпен Меркі ауданының уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды. Күдікті 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін", - деп түсіндірді облыстық Полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Әлім Бажықбаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу