Жамбыл облысында есірткінің ірі партиясын сатқан фермер ұсталды

574

Бұл туралы Polisia.kz сайты мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Жамбыл облысында есірткінің ірі партиясын сатқан фермер ұсталды Фото: polisia.kz

2 сәуірде жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері Меркі ауданы Тәтті ауылынан 17 шақырым жерде орналасқан шаруа қожалығының аумағында жертөледен ерекше иісі бар қоңыр-жасыл түсті, өсімдік тектес заты бар полиэтилен пакетін тапты. 

Сараптама қорытындысына сәйкес, табылған зат жалпы салмағы 7,2 келіні құрайтын кептірілген марихуана және 88 грамм гашиш есірткі құралдары болып шықты. 

Жамбыл облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері аса ірі мөлшерде есірткі сақтады деген күдікпен Шу ауданының 60 жастағы тұрғынын ұстады. 

– Ұсталған адам өз кінәсін мойындап, Меркі ауданының уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Қазіргі уақытта осы дерек бойынша Қазақстан Республикасы ҚК-нің 296-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Осы баптың санкциясы 3 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді, – деді Жамбыл облысы ПД ЕҚҚІБ бастығы Әлім Бажықбаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу