Жамбыл облысында этил спирті бар заңсыз қойма анықталды

475

Құны 19 млн теңгені құрайды. 

Жамбыл облысында этил спирті бар заңсыз қойма анықталды Фото: polisia.kz

19 қаңтарда полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы қызметкерлері Жамбыл облысы бойынша экономикалық тергеу департаментімен бірлесіп, Меркі ауданы Қостоған ауылының шекара маңында орналасқан шаруа қожалығынан заңсыз сақталған этил спиртін анықтады, деп жазады inbusiness.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Құқық қорғау органдарының қызметкерлері қойма ретінде жабдықталған сарайда көлемі 1 тонна болатын 8 бөшкедегі 8 мың литр этил спиртін тауып, тәркіледі. Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 214-бабы 1-бөлігі (Заңсыз кәсіпкерлік, заңсыз банктік, микроқаржылық немесе коллекторлық қызмет) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды.

Сараптама қорытындысына сәйкес, контейнерлерден алынған үлгілер тамақ шикізатынан тазартылған этил спирті екендігі анықталды. Құрамында спирті бар 8 мың литр өнімнің нарықтағы құны орташа есеппен 19,2 млн теңгені құрайды. Аталған факті бойынша полиция қызметкерлері шаруа қожалығының 51 жастағы иесін анықтады. Қазіргі уақытта істің толық мән-жайларын анықтау бойынша тиісті жедел-тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу