Жамбыл облысында ғасырлық тарихы бар вокзал жаңарды

352

1927 жылы салынған ғимаратта кешенді жөндеу жұмыстары жүргізілді.  

Жамбыл облысында ғасырлық тарихы бар вокзал жаңарды Фото: gov.kz

Жамбыл облысында 1927 жылы салынған Түрксіб станциясының теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары аяқталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Жоба аясында жалпы ауданы 1 301 шаршы метр болатын екі қабатты ғимаратқа кешенді жөндеу жүргізілді. Шатыр, сыртқы және ішкі әрлеу, кәріз, су, жылу және электрмен жабдықтау жүйелері жаңартылды.Сонымен қатар перрон қайта жаңғыртылып, вокзал маңындағы аумақ абаттандырылды. Ғимаратқа қажетті жабдықтар мен жиһаздар орнатылды.

Жөндеу кезінде қасбетті жаңартуға және энергия тиімділігін арттыруға ерекше көңіл бөлінген. Қасбет травертинмен қапталып, жертөле гранит плиталарымен әрленді. Энергия үнемдейтін шыныпакеттері бар жаңа терезелер мен алюминий витраждар орнатылды. Шатыр да жылу оқшаулағыш заманауи материалдармен толық жаңартылды.

Түрксіб станциясының вокзалы 3-санатқа жатады. Станция арқылы Қазақстанның бірқатар қалалары, сондай-ақ Ресей мен Қырғызстан бағыттарымен қатынайтын 38 жолаушылар пойызы өтеді.

Вокзалды жаңарту жолаушыларға қолайлы жағдай жасап, қауіпсіздік пен қызмет көрсету сапасын арттыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар ғимарат теміржол инфрақұрылымына қойылатын заманауи талаптарға сәйкестендірілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу