Жамбыл облысында газға бай шөгінді табылды

149

Дәлелденген газ қоры – 3,2 млрд текше метр.

Жамбыл облысында газға бай шөгінді табылды  Фото: pronedra.ru

"QazaqGaz" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Әлібек Жамауов Жамбыл облысында тағы бір әлеуетті газ кенішін барлау жұмыстарына дайындақ басталғанын мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

– Геологиялық барлау жұмыстарының нәтижесінде Жамбыл облысының Малдыбай учаскесінде газ шөгіндісі бар екенін дәлелденді. Қазір сейсмикалық барлау жұмыстарына дайындық жүріп жатыр,  деді Әлібек Жамауов "Самұрық-Қазына" қоры қоғамдық кеңесінің отырысында.

Сондай-ақ, ол аталған облыстағы Анабай учаскесіне де тоқталды.

 Жамбыл облысының Анабай кен орнында жұмыс жалғасып жатыр. Газ сапасын бағалауға арналған 1 ұңғыма, пайдалануға арналған 3 ұңғыма бұрғыланды. Дәлелденген газ қоры – 3,2 млрд текше метр,  деді ұлттық компания басшысы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу