Жамбыл облысында хакер ауруханадан 350 млн теңге ұрлаған

186

Бұл оқиғаға байланысты полицейлер сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады.

Жамбыл облысында хакер ауруханадан 350 млн теңге ұрлаған Фото: canva.com

Өткен жылы Жамбыл облыстық балалар ауруханасына хакерлік шабуыл жасалып, соның салдарынан оның есепшотынан 350 миллион теңге ұрланған болатын, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде аталған қылмыстық құқық бұзушылықты жасады деген күдікпен бұрын сотталған 33 жастағы ер адам ұсталды.

Ұрланған 305 миллион теңге қаражат аурухана шотына қайтарылды.

Қылмыстық істің материалдары қосымша тергеу жүргізу үшін Жамбыл облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментіне жіберілді.

ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесіндегі өзге де мәліметтер жария етілуге ​​жатпайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу