Жамбыл облысында халықаралық іздеуде жүрген қырғызстандық ұсталды, деп хабарлайды inbusiness.kz.
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің хабарлауынша, 17 наурызда "Айша бибі" өткізу пунктінде Шекара қызметі Жамбыл облысы бойынша департаментінің әскери қызметшілері халықаралық іздеуде жүрген қырғызстандықты ұстады.
Оған Ресей Федерациясында қылмыс жасағаны үшін халықаралық іздеу жарияланған.
Ұсталған азамат құқық қорғау органдарына тапсырылды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу