Жамбыл облысында интимдік бейнежазбаны таратпау үшін ақша бопсалаған күдіктілер ұсталды

1101

Күдіктілердің бірі бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны анықталды.

Жамбыл облысында интимдік бейнежазбаны таратпау үшін ақша бопсалаған күдіктілер ұсталды Фото: Polisia.kz

Жамбыл облысында интимдік сипаттағы бейнежазбаны таратпау үшін ақша бопсалаған күдіктілер ұсталды, деп хабарлайды inbusiness.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Тараз қаласының полиция бөліміне бопсалау дерегі туралы облыс орталығының 24 жастағы тұрғыны шағымданды. Жас жігіт кейбір адамдар бопсалау және қоқан-лоққы көрсету арқылы интимдік сипаттағы бейнежазбаны таратпау үшін оның 990 мың теңге көлеміндегі ақшасын иемденгенін айтты. 

Осы дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 94-бабы 2-бөлігі (Бопсалау) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. 

Жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу кезінде Жамбыл облысының полиция департаменті ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері “Арлан” арнайы мақсаттағы бөлінісімен бірлесіп 29, 28, 24 және 19 жастағы жылы төрт азаматты анықтап, ұстады. Ұсталғандар өз кінәларын толық мойындады. 

24 пен 29 жас аралығындағы күдіктілер Тараз қаласының уақытша ұстау изоляторына қамалды. Екі қатысушыға қатысты ешқайда кетпеу туралы жазбаша бұлтартпау шарасы таңдалды. 

Ұсталғандардың бірінің бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны анықталды. Қазіргі уақытта істің толық мән-жайларын анықтау үшін барлық қажетті жедел-тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу