Жамбыл облысында инвесторға тиісті жер телімі берілмеген

149

Байзақ ауданының прокуратурасы инвестор "Алель-Агроның" құқықтары бұзылғанын анықтады.  

Жамбыл облысында инвесторға тиісті жер телімі берілмеген Фото: eldala.kz

Тексерістен кейін кінәлі лауазымды тұлға тәртіптік жауапқа тартылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Жамбыл облыстық прокуратурасына сілтеме жасап.

Жамбыл облысы әкімінің 2021 жылғы 12 мамырдағы қаулысының негізінде "Алель-Агро" АҚ ет бағытындағы құстарды өсіру үшін инвестициялық жоба ретінде танылып, облыстың кәсіпкерлікті қолдау картасына енгізілген.

Байзақ ауданы әкімдігінің 2023 жылы қарашада "Алель Агро" АҚ-на шаруа қожалығын жүргізу үшін Бәйтерек ауылдық округінің аумағындағы жалпы көлемі 87 га жер учаскесі 24 жылға жалға берілген.

Дегенмен, ауыл тұрғындары зиянды қалдықтардың шығуы мен ауаның ластануы зиян келтіреді деген негізбен зауыттың соғылуына қарсы болғандықтан, инвестор аталған жер учаскесінің аумағын ауданның арнайы жер қорынан ауыстырып беру туралы аудан әкімдігіне өтініш білдірген.

Жер комисссиясы 2024 жылдың 14 қарашасында аталған мәселе бойына оң қорытынды қабылдаған. Алайда, "Алель-Агро" АҚ-ы өкілінің 2024 жылғы 22 қазандағы берілген өтініші түпкілікті шешімін таппаған және ол бойынша тиісті қаулы шықпаған.

Прокурорлық қадағалау актісі негізінде 2025 жылы 26 наурызда инвесторға Байзақ ауданы "Көкбастау" жер қорының жерінен ауыстыру арқылы беріліп, жерлерді игеру басталды.

Бұл жобаның іске қосылуы инвестиция тартып, 100-ге жуық жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу