Мемлекеттік қолдау шараларының негізінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын өңдірушілер электр энергиясының құнын жеңілдетілген бағамен төлейді, деп жазады inbusiness.kz сайты Жамбыл облыстық прокуратурасына сілтеме жасап.
Алайда, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын өңдірушілердің тізіміне енетін, жалпы жобалық құны 2,28 млрд теңгені құрайтын Жамбыл ауданының екі ірі инвесторы 1 кВт сағ электр энергиясы үшін жеңілдетілген 35,85 теңгенің орнына 38,44 теңгеден төлеген.
Осылайша, инвесторлар мемлекет берген жеңілдіктерді алмаған. Прокуратура араласқаннан кейін бұзушылықтар жойылды.
Кінәлі тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды.