Жамбыл облысында инвестициялық жобаларды іске асыру мәселелері талқыланды

297

Инвесторлардың мәселелері талқыланып, қолдау тетіктері таныстырылды.    

Жамбыл облысында инвестициялық жобаларды іске асыру мәселелері талқыланды Фото: gov.kz

Жамбыл облысының прокуроры Жандос Әбдібаев "INVEST CARAVAN" акциясы аясында Шу ауданындағы "Жібек жолы" арнайы экономикалық аймағында инвестициялық жобаларды жүзеге асырып жатқан кәсіпкерлермен кездесті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Кездесу барысында инвесторлардың құқықтарын қорғау, жобаларды жан-жақты сүйемелдеу, сондай-ақ жер, салық және кеден заңнамаларын қолдануға қатысты өзекті мәселелер талқыланды. Сонымен қатар, бизнес пен мемлекеттік органдар арасындағы өзара іс-қимылды жетілдіру және әкімшілік кедергілерді азайту мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Іс-шарада кәсіпкерлерге "Мобильді прокурор" қосымшасының мүмкіндіктері таныстырылды. Бұл құрал арқылы бизнес өкілдері өз құқықтарының бұзылуы, кәсіпкерлік қызметке негізсіз араласу немесе инвестициялық жобаларды іске асыру барысында туындайтын әкімшілік кедергілер жөнінде жедел түрде хабарлай алады.

Жандос Әбдібаев прокуратура органдары инвестициялық жобаларды жүйелі түрде сүйемелдеуді жалғастыратынын атап өтіп, инвесторлардың құқықтарын қорғау және заң аясында туындайтын мәселелерге уақтылы ден қою басты басымдықтардың бірі екенін жеткізді.

"INVEST CARAVAN" акциясы инвесторлар мен мемлекеттік органдар арасындағы ашық диалог алаңы ретінде өңірдің инвестициялық ахуалын жақсартуға және әкімшілік кедергілерді дер кезінде жоюға ықпал етіп келеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу