Жамбыл облысында пайдалы қазбаларды өндіретін ірі кәсіпорындардың бірінен салық төлеуден жалтару дерегі анықталды, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Прокурорлар ірі салық төлеушілердің қызметін талдау барысында компанияның салық міндеттемелерін әдейі төмендеткенін анықтаған. Кәсіпорын бағалы қағаздар бойынша төлемдерді негізсіз ұлғайтып, оларды салықтық шегерім ретінде көрсеткен.
Сонымен қатар компанияның жылдық табысы шығарылған облигациялардың жалпы құнынан төмен болған. Бұл корпоративтік табыс салығын төлеуден жалтару белгілерін көрсеткен.
Жамбыл облысының прокуратурасы ұсынуымен салықтық тексеру жүргізіліп, заңбұзушылықтар толық расталды.
Нәтижесінде бюджетке 1,1 млрд теңге өндірілді.