Жамбыл облысында іздеуде жүрген 25 адам табылды

175

Бір айдың ішінде 9 қылмыскер құрықталды.  

Жамбыл облысында іздеуде жүрген 25 адам табылды Фото: polisia.kz

Жамбыл облысының полицейлері із-түссіз жоғалған азаматтарды іздеу және қылмыс жасағаны үшін іздеуде жүрген адамдарды анықтау жұмыстарын тұрақты түрде жүргізіп келеді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Соңғы бір ай ішінде полиция қызметкерлері із-түссіз жоғалған 25 адамның жүрген жерін анықтады. Олардың барлығы жақындарымен қауышты.

Сонымен қатар жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде іздеуде жүрген 9 қылмыскер ұсталды. Олардың арасында алаяқтық, есірткі және ұрлық қылмыстарын жасаған азаматтар бар. Кейбірі бірнеше жыл бойы іздеуде болған.

Одан бөлек, пробациялық бақылаудан жалтарған адамдарды да іздеп, анықтау жұмыстары жүргізілуде. Жыл басынан бері осындай міндеттемеден жалтарған 12 адам табылды. Ұсталғандардың әрқайсысы жасаған құқыққа қайшы әрекеттері үшін заң алдында жауап береді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу