9 ақпан күні Жамбыл облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында есірткі қылмысы үшін іздеуде жүрген күдіктіні ұстады, деп хабарлайды inbusiness.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
– Күдіктіге 2022 жылдың 2 желтоқсанында іздеу жарияланған болатын. Оған қатысты ҚР ҚК-нің 296-бабы 4-бөлігі (Есірткі заттарын аса ірі мөлшерде өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, сақтау, тасымалдау) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр. Яғни, үш жылдан жеті жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген, – деді Әлім Бажықбаев.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу