Жамбыл облысының Шу ауданындағы Тасөткел су айдынында құтқарушылар қайығының қозғалтқышы істен шыққан балықшыға көмек көрсетті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Профилактикалық іс-шаралар өткізу кезінде құтқарушыларға балықшының достары хабарласып, ер адамның жағадан шамамен 3-4 шақырым қашықтықта суда қалғанын айтқан.
Құтқарушылар оқиға орнына қайықпен жедел жетіп, балықшының резеңке қайығын сүйреп, оны аман-есен жағаға жеткізді.
Оқиға салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ.
ТЖМ суға шығар алдында жүзу құралдары мен қозғалтқыштың жарамдылығын тексеріп, құтқару кеудешесі мен байланыс құралдарын өзіңізбен бірге алуды ескертеді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу