Жамбыл облысында кальцийленген сода шығаратын зауыттың құрылысы басталды

645

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов, Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев және "Yildirim Group" компаниясының президенті Юксель Йылдырымның қатысуымен ірі жобаның іргетасына капсула салу рәсімі өтті, деп хабарлайды inbusiness.kz әкімнің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жамбыл облысында кальцийленген сода шығаратын зауыттың құрылысы басталды

Юксель Йылдырымның айтуынша құрылысы басталған "Qazaq Soda" ЖШС-нің кальцийленген сода өндіретін зауытының жылдық жобалық қуаты 500 мың тоннаны құрайды, болашақта 1,2 миллион тоннаға дейін артады.

Нысан құрылысына 400 миллион АҚШ доллары инвестицияланған, жоба 2024 жылы пайдалануға беріледі. Қазіргі кезде құрылыс-монтаждау жұмыстары басталды. Құрылыс кезінде 1000 адам, іске қосылғаннан кейін 1300 адам жұмыспен қамтылады.

"Бизнес жол картасын" дамыту бағдарламасы арқылы 479,2 миилион теңге бөлініп, зауытқа электр күшін тарту жұмыстары басталды. Сонымен қатар зауыт құрылысы жүретін нысанға теміржол және су тарту үшін тиісті құжаттар дайындалуда.

Ішкі нарықтағы сұраныс қанағаттандырылғаннан кейін екінші кезеңде зауыттың жобалық қуаттылығын жылына 1,2 миллион тонна содаға жеткізіп, қосымша 11 түрлі өнім шығарылып, шет елдерге экспорттау көзделіп отыр.                       

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу