Жамбыл облысында каннабис өнімдерін таратқан топтың жолы кесілді

117

Ішкі істер министрлігі “Заң мен тәртіп” қағидасы бойынша жұмысты жалғастырып жатыр.

Жамбыл облысында каннабис өнімдерін таратқан топтың жолы кесілді Фото: Бейнежазбадан

Жамбыл облысында ұзақ мерзімді жедел-іздестіру іс-шаралары барысында аса ірі көлемде каннабис тобына жататын есірткі заттарын өткізуімен айналысқан төрт тұрғыннан тұратын қылмыстық топтың қызметі тоқтатылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Күдіктілердің тұрғылықты жерлері бойынша жүргізілген тінту барысында 100 келіден астам кептірілген марихуана, 2 келіден астам гашиш және каннабис шайыры тәркіленді.

Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 297-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Осы баптың санкциясы 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын көздейді. Қазіргі уақытта ұсталған тұлға-ларға қатысты есірткі заттарын өткізу бойынша қосымша 7 факт анықталуда, сондай-ақ есірткі жеткізу арналарының басқа өңірлерге бағытталған жолдары белгіленуде.

Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу