Жамбыл облысында 200 млн долларлық қант зауытының құрылысы басталды

625

Зауыт 1 млн тонна қант қызылшасын өңдейді.

Жамбыл облысында 200 млн долларлық қант зауытының құрылысы басталды Фото: canva

Салтанатты рәсімге ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров пен өңір басшысы Ербол Қарашөкеев қатысты, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Бұл Қазақстанда тәуелсіздік жылдары салынып жатқан алқашқы қант зауыты. Жобаның инвесторы – қытайлық Zhongkai Guoyuan Industrial Investment Co., ал технологиялық серіктесі – Oushangyuan Process & Equipment Intelligent Co.

Инвестиция көлемі шамамен 200 млн АҚШ долларын құрайды. Кәсіпорында 350-ден астам жаңа жұмыс орны ашылады деп күтілуде. Жобалық қуат жылына 1 млн тонна қант қызылшасын өңдеп, шамамен 120 мың тонна қант, сондай-ақ меласса мен жом сияқты қосалқы өнімдер өндіруге мүмкіндік береді.

Жобаның жүзеге асуы Қазақстанның ішкі нарығын қантпен толық қамтамасыз етіп, елдің импортқа тәуелділігін айтарлықтай төмендетпек.

"Zhongkai Kazakhstan International Sugar Industry Company" компаниясының бас директоры Сяо Анбаоның айтуынша, Жамбыл облысында өңдеу өнеркәсібін дамытуға қолайлы жағдайлар мен кең мүмкіндіктер бар.

Жаңа зауыттың құрылысы агроөнеркәсіптік кешенді жаңғыртудың маңызды қадамына айналып, қант қызылшасы өндірісін сапалы жаңа деңгейге көтереді. Өңірдегі шаруа қожалықтары зауытты шикізатпен толық қамтуға дайын екендіктерін білдірді.

Айта кетейік, биыл 8 айда облыстың негізгі капиталына 391,7 млрд теңге инвестиция тартылды. Бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 32,4 пайызға артық.

Жыл басынан бері облыста 9 ірі инвестициялық жоба іске қосылды. Олардың қатарында жылына 80 мың тонна өнім шығаратын әк зауыты, 36 млн дана кірпіш өндіретін зауыт, 100 мың шаршы метр шыңдалған әйнек шығаратын кәсіпорын, жылына 250 бірлік теміржол локомотиві мен жылжымалы құрам жасайтын өндіріс, алтын кенін өндіру ісі және жаңа жол бойындағы қонақүй бар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу