Жамбыл облысында қант зауыты салынады

1855

Ол үшін тиісті жер бөлініп, жобалық-сметалық құжаттары әзірленді.

Жамбыл облысында қант зауыты салынады

Жамбыл облысының Шу ауданында жаңа қант зауытын салу жұмыстары жүріп жатыр, деп хабарлайды 24.kz.

Құны 80 миллиард теңге болатын заманауи зауытқа қаражаттың 30 пайызын инвестор, 70 пайызын екінші деңгейлі банктер мен қаржы институттарынан тарту көзделген.

Биыл өңірде 9 жарым мың гектар алқапқа тәтті түбір егу жоспарланған. Қажетті техникаларды алу үшін республикалық бюджеттен 25, облыстық бюджеттен 10 пайыз субсидия беріледі. Ал жаңа қант зауыты іске қосылса, тәулігіне 8 мың тонна құмшекер өндірілмек.

"Қазір Шу ауданында қант зауыты салыну мәселесі қарастырылып жатыр. Және егін алқаптарын да ұлғайтып, 10-15 мың гектарға дейін жеткізу жоспарлануда", – дейді облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Ерлан Құлкеев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу