Жамбыл облысында қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қарулар табылды

487

Сот-баллистикалық сараптама тағайындалды. 

Жамбыл облысында қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қарулар табылды Фото: polisia.kz

ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Шу ауданы Төле би ауылындағы қараусыз қалған зауыттың аумағында жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде қару-жарақ пен оқ-дәрілер бар орынды тапты, деп хабарлайды inbusiness.kz polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Полицейлер қаңтар оқиғасы кезінде облыстық ПД қоймасынан ұрланған 9 мм калибрлі МР-446 тапаншасын, сондай-ақ 16 калибрлі ИЖ бір оқпанды аңшылық мылтықты, 16 калибрлі ИЖ 18-Е бір оқпанды аңшылық мылтықты, 16 калибрлі ИЖ 18 аңшылық мылтықты, Ф-10 жауынгерлік сынық гранатаны, жарық-шу гранатаны, қорғаныс кеудешені, 5,45х39 мм калибрлі 200 патронды тәркіледі.

- Сот-баллистикалық сараптама тағайындалды. Қазір аталған дерек бойынша ҚР ҚК 287 - бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды, - деді Жамбыл облысы ПД ЕҚҚІБ бастығы Әлім Бажықбаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу