Жамбыл облысында қар құрсауынан 50 жеңіл және 30 жүк көлігі шығарылды

98

Зардап шеккендер жоқ.

Жамбыл облысында қар құрсауынан 50 жеңіл және 30 жүк көлігі шығарылды Фото: ТЖМ

Жамбыл облысының Қордай ауданында, Қордайдың ескі асуында (170-190 км аралығы) ауа райының қолайсыздығына байланысты жүк көліктері жолда тұрып қалып, автожолдың жүру бөлігін жауып қалды. Соның салдарынан көлік құралдарының жиналуы тіркелді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Төтенше жағдайлар министрлігінің күштерімен қар құрсауынан 50 жеңіл және 30 жүк автокөлігі қауіпсіз аймаққа шығарылды. 

Ауа райының қолайсыздығы мен автожолдардың жабылуына байланысты Жамбыл облысы ТЖД азаматтарды ақпараттандыру және психологиялық қолдау көрсету мақсатында жедел желі телефондарын іске қосты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу