Жамбыл облысында карантин режимі күшейтілді

1045

Облыстың елді мекендері ішінде және елді мекендер арасында сағат 22:00-ден 06:00-ге дейінгі уақыт аралығында халықтың жүріп-тұруы шектеледі.  

Жамбыл облысында карантин режимі күшейтілді

14 маусымнан бастап Жамбыл облысында карантиндік шаралар күшейтіледі, деп хабарлайды coronavirus2020.kz Telegram-каналы.

Атап айтқанда, 14 маусымнан бастап:

–  облыстың елді мекендері ішінде және елді мекендер арасында сағат 22:00-ден 06:00-ге дейінгі уақыт аралығында халықтың жүріп-тұруы шектеледі

–  Тараз қаласында қоғамдық көлік сағат 07:00-ден 10:00-ге дейін және сағат 17:00-ден 20:00-ге дейін қатынайтын болады. Қоғамдық көлікке тек жеке қорғау құралдарымен кіруге рұқсат

–  әлеуметтік арақашықтықты және маска режимін сақтай отырып, саябақтарға, алаңдарға және скверлерге сағат 06.00-22.00 аралығында баруға рұқсат. Сондай-ақ келесі нысандардың жұмыс уақыты өзгереді:

 8:00-ден 16:00-ге дейін:

–  базарлар

– азық-түлік емес дүкендер

8:00-ден 18:00-ге дейін:

–  сауда-логистикалық орталықтар, қоймалар, азық-түлік өнімдерін, дәрілік препараттар мен медициналық бұйымдарды сату орындары 8:00-ден 22:00-ге дейін:

–  азық-түлік супермаркеттер және дүкендер

– ветеринариялық дәріханалар мен клиникалар

9:00-ден 16:00-ге дейін:

–  Халыққа қызмет көрсету орталықтары

9:00-ден 17:00-ге дейін:

– екінші деңгейлі банк бөлімшелері, "Қазпошта" АҚ, айырбастау пунктері, микроқаржы ұйымдары

10:00-ден 18:00-ге дейін:

–  автосалондар – қосалқы автобөлшектерді сататын дүкендер

– дезинфекциялау құралдарын сату бойынша мамандандырылған дүкендер мен қоймалар

– ауыл шаруашылығы техникасы, өсімдіктерді қорғау құралдары, тыңайтқыштар, тұқымдар (көшеттерге) және құрылыс материалдары мен қосалқы бөлшектер бойынша сауда-саттық орындары

– сұлулық салондары, шаштараздар (алдын ала жазылу бойынша)

– азық-түлік қоймалары

– тұрмыстық техника дүкендері

– техникалық жөндеу орталықтары, автожуу

– оптика салондары (дүкендер), фотосалондар, гүл дүкендері және дүңгіршектер

10:00-ден 20:00-г дейін

– қоғамдық тамақтану объектілері (50 орыннан артық емес)

– ЅРА және фитнес-салондар, спорт кешендері

Мемлекеттік органдар мен ұйымдардың, ұлттық компаниялардың қызметіне штаттың кемінде 50 пайызын қашықтан жұмыс режиміне ауыстыра отырып рұқсат етілген.

Төмендегі нысандардың жұмысына тыйым салынады:

 – аумағы 2000 ш. м. асатын сауда орталықтары

– түнгі клуб, дискотека;

–  қоғамдық монша, сауна, бассейндер;

–  сауда, ойын-сауық орталықтарындағы балалардың ойын алаңдары;

– ойын-сауық орталықтары, фудкорттар, кинотеатрлар;

–  компьютерлік және ойын клубтары;

– балаларға арналған сауықтыру лагерлері;

–  діни ұйымдар (мешіттер, шіркеулер, храмдар және т. б.);

–  орын саны 50-ден асатын қоғамдық тамақтану нысандары

– концерт залдары, цирк қойылымдары;

–  автомобиль және мал базарлары

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу