Жамбыл облысында қатты желден газ құбыры құлап, тұрғындар газсыз қалды

245

Желдің жылдамдығы 18-20 м/с, екпіні 43,5 м/с дейін жетті.

Жамбыл облысында қатты желден газ құбыры құлап, тұрғындар газсыз қалды Фото: inbusiness.kz

17 шілде күні сағат 18.00-ден бастап Жамбыл облысының Қордай ауданында дауылды жел басталды. Қатты жел салдарынан электр бағаналары құлап, газ құбырына зақым келді, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты.

"Беріктас ауылында қатты желдің салдарынан көше бойындағы ағаштар құлап, 3 электр бағанасы газ құбырын зақымдады. Сағат 18.15-те Беріктас ауылында 1 ШРП уақытша газ беруді тоқтатып, нәтижесінде 50 шақты үй газсыз қалды. Ал сағат 19.00-де Беріктас ауылында қауіпсіздік мақсатында барлық 219 абонент газдан өшірілді. Сондай-ақ, Беріктас ауылы, Бейбітшілік көшесінде мал қораның шатыры желден ұшып, тұрғын үйдің шатырына құлады. Мал қораның шатыры 280 шаршы метрді құрайды. Ауданда шұғыл жұмысшы топ құрылып, оқиға орнында құзырлы органдар жұмыс істеуде", – делінген Қордай ауданы әкімінің баспасөз қызметі таратқан ақпартта.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу