Жамбыл облысында қауіпті дрифт жасаған жүргізуші 5 тәулікке қамалды

281

Қауіпті маневр камераға түсіп қалған.  

Жамбыл облысында қауіпті дрифт жасаған жүргізуші 5 тәулікке қамалды Фото: Бейнежазбадан

Жамбыл облысында түнде көлігімен қауіпті дрифт жасап, қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігі талаптарын бұзған 22 жастағы жүргізуші ұсталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Құқық бұзушылық Жедел басқару орталығының бейнебақылау камераларына түсіп қалған. Полиция қызметкерлері камерадағы бағыттама арқылы көліктің жүрген жерін анықтап, жүргізушіні ұстады.

Жүргізуші түнгі тыныштықты бұзып, өрескел маневрлер жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сот қаулысымен оған 5 тәулік әкімшілік қамақ тағайындалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу