Жамбыл облысында қоқыс жәшігінен табылған нәрестеге қатысты әйел ұсталды

381

Әйел өз кінәсін мойындаған.

Жамбыл облысында қоқыс жәшігінен табылған нәрестеге қатысты әйел ұсталды Фото: ЖИ

Жамбыл облысының Қордай ауданында қоқыс жәшігінен жаңа туған нәрестенің табылуына байланысты полиция күдікті әйелді анықтап, бөлімшеге жеткізді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Сәби Гвардия гарнизоны аумағындағы қоқыс жәшігінен табылған. Қазір ол медициналық мекемеде дәрігерлердің бақылауында.

Нәрестенің жағдайы тұрақты, өміріне қауіп жоқ. Аталған дерек бойынша полиция қылмыстық іс қозғап, сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр. Тергеу қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады.

Полиция Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес, тергеу барысына қатысты басқа мәліметтерді жарияламады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу