Жамбыл облысында көлік нөмірін қағазбен жапқан жүргізуші ұсталды

329

Жыл басынан бері өңірде нөмірін жасырған 88 жүргізуші анықталды.  

Жамбыл облысында көлік нөмірін қағазбен жапқан жүргізуші ұсталды Фото: myfin.by

Жамбыл облысында полиция көліктің нөмірін әдейі қағазбен жауып қойған жүргізушіні жауапқа тартты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Полиция қызметкерлері аумақты патрульдеу кезінде Батыс Еуропа – Батыс Қытай автожолының 487-шақырымында мемлекеттік нөмірі анық көрінбейтін KIA K5 көлігін тоқтатқан.

Тексеру барысында көліктің мемлекеттік тіркеу нөміріндегі әріптік-цифрлық белгілердің бір бөлігі қағазбен әдейі жабылғаны анықталды. Бұл бейнебақылау камераларының нөмірді толық түсіруіне және көлікті сәйкестендіруіне кедергі келтірген.

Жүргізушіге қатысты заңға сәйкес шара қолданылып, автокөлік арнайы айып тұрағына қойылды.

Мұндай құқық бұзушылық үшін бес тәулікке дейін әкімшілік қамауға алу және бір жылға көлік басқару құқығынан айыру жазасы қарастырылған.

Жыл басынан бері Жамбыл облысында мемлекеттік нөмірін жасырған 88 құқық бұзушы анықталған.

Қазір өңірде "Құқықтық тәртіп" республикалық жедел алдын алу іс-шарасы өтіп жатыр. Оның аясында полиция қоғамдық тәртіпті сақтау, құқық бұзушылықтың алдын алу және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету жұмыстарын күшейтті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу