Жамбыл облысында контрабандалық жолмен әкелінген зергерлік бұйымдар тәркіленді

502

Тәркіленген заттың алдын ала салмағы 48 килограмнан асады.

Жамбыл облысында контрабандалық жолмен әкелінген зергерлік бұйымдар тәркіленді Фото: ҚР ҰҚК

2023 жылғы 28 қыркүйекте ҰҚК Шекара қызметі Жамбыл облысы бойынша департаментінің әскери қызметшілері Қазақстанға ірі көлемдегі зергерлік бұйымдарды заңсыз жолмен алып кіру әрекетінің жолын кесті, деп хабарлайды inbusiness.kz ведомствоға сілтеме жасап.

Аталған жүк автокөліктің жасырын орнынан табылды. Тәркіленген заттың алдын ала салмағы 48 килограмнан асады.

Аталған факті бойынша тексеру іс-шаралары жүргізілуде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу