Жамбыл облысында кооперативтерге 194 бірлік техника лизингке берілді

711

"Жамбыл облысы тұрғындарының тұрмыстық табысын жақсарту" жобасы аясында алынған ауыл шаруашылық техникалары салтанатты табыстау рәсімі өтті. 

Жамбыл облысында кооперативтерге 194 бірлік техника лизингке берілді

Өңір әкімі Асқар Мырзахметов 11 округте құрылған пилоттық кооперативтерге 194 бірлік техниканы табыстады, деп хабарлады әкімнің баспасөз қызметі.

Аталған жобаның төртінші бағыты – ауыл шаруашылығы кооперативін қажетті ауыл шаруашылығы техникаларымен қамтамасыз ету болатын. Таратылған ақпаратқа сүйенсек, бұл бағытқа 1 070,9 миллион теңге қарастырылып, ол қаржыға кооперативтерге қажетті техникалардың 29 түрінен 194 дана техника алынған. Оның ішінде 33 трактор, 11 комбаин, 3 камаз көлігі және тағы басқа 149 дана агросалаға қажетті техника бар.

"Бұл ауыл шаруашылығы техникалары "Тараз" әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы арқылы 5 пайызбен қосымша кепілсіз лизингке беріліп отыр. Алдағы уақытта осы техникалардың күшімен үй іргесіндегі 1 071,7 гектар және ауыл сыртындағы 77 362 гектар жерлер игерілетін болады",– делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу