Жамбыл облысында Қордай оқиғасының марқұмдарын еске алу шарасы өтті

494

Биыл 2020 жылы Қордай ауданында орын алған тәртіпсіздіктерге 3 жыл.  

Жамбыл облысында Қордай оқиғасының марқұмдарын еске алу шарасы өтті Фото: gov.kz

Ондаған адам қаза тауып, жүздеген нысан зардап шеккен тәртіпсіздіктің салдары бүгінде толығымен жойылып, қалпына келтірілген. Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов ауданға жұмыс сапарымен барып, Сортөбе ауылындағы "Дін-Ислам" мешітінде "Қордай оқиғасы" кезінде қаза болған азаматтарды еске алуға арналған құран бағыштау рәсіміне қатысты, деп жазады inbusiness.kz облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Біз енді мұндай жағдайға жол бермеуге тырысу керекпіз. Қоғамдық келісім мен татулыққа барынша назар аударылуда. Ол үшін түрлі шаралар қабылданып жатыр. Соңғы үш жылда Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес облысымызда, соның ішінде Қордай ауданында ауқымды жұмыстар атқарылды. Оған жергілікті тұрғындардың өздері куә. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғаса береді", - деді Нұржан Нұржігітов.

Бұдан соң аймақ басшысы аталған ауылдағы "Korday Fish" және "Taraz Eko Fish" ЖШС-нің жұмысымен танысты. Екеуі де балық, оның ішінде форель өнімдерін өндіруге бағытталған.

2020-2021 жылдары жүзеге асқан "Korday Fish" жобасына мемлекет тарапынан 3,8 га жер телімі бөлінген. Жылына 500 тонна балық өндіруге қауқарлы серіктестік консервілеу цехын да іске қосуға ниетті. Ал, "Taraz Eko Fish" ЖШС-інде 3 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. 5 га жерге орналасқан жоба қуаттылығы жылына 60 тонна балық өнімдерін өндіруге шақталған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу