Жамбыл облысында коронавирус жұқтырған үшінші адам Қырғызстаннан келген

918

Азаматшамен байланыста болған адамдар анықталып, карантинге алынды. 

Жамбыл облысында коронавирус жұқтырған үшінші адам Қырғызстаннан келген

Жамбыл облысында коронавирус жұқтырған тағы бір адам тіркелді. 1996 жылы туған қордайлық әйел адам өңірде аталған вирусты жұқтырған үшінші адам болып отыр. Азаматшаның 24 наурыз күні Қырғыз Республикасынан келгені белгілі болды.

"Белгіленген іс-қимыл алгоритміне сәйкес қыз карантиндік стационарға жатқызылды. Зертханалық талдау қорытындысы коронавирустық инфекцияға оң нәтиже көрсетті. Науқас инфекциялық стационарға жіберілген, жағдайы қанағаттанарлық. Дене қызуының көтерілуі және коронавирустың басқа да белгілері байқалмайды. Коронавирустық инфекцияны диагностикалау және емдеу бекітілген хаттамаға сәйкес жүргізілуде. Азаматшамен байланыста болған адамдар анықталып, карантинге алынды. Олардың талдаулары зерттелуде",– деп хабарлады әкімнің баспасөз қызметі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу