Жамбыл облысында коронавирус жұқтырғандардың үшеуі де Қырғызстаннан келген

1006

Науқастардың жағдайы қалыпты.

Жамбыл облысында коронавирус жұқтырғандардың үшеуі де Қырғызстаннан келген

27 наурыздағы жағдай бойынша Жамбыл облысында коронавирустық инфекцияға шалдыққандардың саны үш адамға жетті. Олар қауіпті дертті Қырғызстаннан жұқтырып келген, деп хабарлады Жамбыл облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Марат Жұманқұлов.

"Қазіргі кезде облыста үш жағдай тіркелді. Олардың үшеуі де Қырғызстаннан келген. Алайда науқастардың бір-біріне қатысы жоқ, байланыста болмаған. Соңғы екі оқиғаға тоқталатын болсам бірі 46 жастағы адам. Ол көрші келден келген кезде шекара бекетінде алгоритм бойынша бір күнге оқшауланды. Кейін одан сынама алынып, диагнозы расталды. Келесі науқас – 24 жастағы азамат. Науқастармен байланыста болғандардың барлығы оқшауланды. Олардың жағдайы қалыпты, денсаулықтарына шағым жоқ", – деді басқарма басшысы.

Сонымен қатар қазіргі кезде облыста 4 блок-бекет орнатылып, жағдай бақылауға алынған. Бұдан бөлек 200 әскери базарлар мен халық көп жиналатын жерлерді залалсыздандыру жұмыстарына тартылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу