Жамбыл облысында қуаты 1 ГВт жел электр станциясы салынады

394

Бұл жыл сайынғы көмірқышқыл газының шығарындыларын 2 млн тоннаға қысқартуға мүмкіндік береді. 

Жамбыл облысында қуаты 1 ГВт жел электр станциясы салынады Фото: Inbusiness.kz

"Қазақстан мен Франция Үкіметтері арасындағы жаһандық жылынуға қарсы күрес саласындағы ынтымақтастықты іске асыру туралы арнайы келісімді ратификациялау туралы" заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Келісімнің негізгі мақсаты – Қазақстан аумағында жаңартылатын энергия көздері, орнықты даму саласындағы ірі жобаларды ілгерілету.

"Арнайы Келісім шеңберінде Жамбыл облысындағы Мирный кентінің маңында жалпы қуаты 1 ГВт жел энергиясын пайдаланатын жел электр станциясының жобасын салу жоспарланып отыр. Барлық баламалы энергия көздерінің басты артықшылығы-олардың тұрақтылығы экологиялық тазалығы. Басқаша айтқанда, мұндай станциялардың жұмысы кезінде қоршаған атмосфераға зиянды шығарындылар болмайды. Тіпті жел немесе кез келген басқа балама электр станциясындағы апат авария оның иелерінің материалдық шығындарына әкеледі, бірақ жаһандық экологиялық апатқа аварияға себеп болмайды", - деді заң жобасы бойынша баяндама жасаған Энергетика министрі Алмасадам Сатқалиев.

Энергия жүйесінің қауіпсіз және орнықты жұмысын қамтамасыз ету үшін инвестор жобаны іске асыру шеңберінде электр энергиясын сақтау жөніндегі тетікті іске асыратын болады, деп жалғастырды министр.

"Жобаны іске асыру жаңартылатын энергия көздері секторын дамытуды жалғастыруға, 2030 жылға қарай 15%-ға қол жеткізуді көздейтін ЖЭК дамуының қабылданған нысаналы индикаторларына қол жеткізуге, сондай-ақ жыл сайынғы көмірқышқыл газының (С02) шығарындыларын қысқартуға мүмкіндік береді. Жобаны іске асыру шеңберінде 250-ге дейін тұрақты жұмыс орны, 2500-ге дейін уақытша жұмыс орны құрылады, шамамен 820 миллиард теңге инвестиция тартылады, сондай-ақ қосымша 3,6 млрд кВт сағ жасыл энергия өндіріледі", - деді ведомство басшысы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу