Жамбыл облысында ауа райы бұзылып, көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылды.
Бұл туралы ҚазАвтоЖол хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты. .
– 2025 жылғы 9 қаңтар сағат 18:30-да Жамбыл облысында ауа райының бұзылуына байланысты "Алматы – Ташкент – Термез" а/ж (Жаңа Қордай асуы) 159-238 шақырым аралығындағы учаскеде (Отар ауылы – Қайнар ауылы) көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қою жоспарланып отыр, – делінген хабарламада.
Жолды 10 қантар сағат 09:00-де ашу жоспарланған. Қозғалыс ескі Қордай асуы арқылы жүзеге асырылатын болады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу