Жамбыл облысында "Baiterek Travel Center" ЖШС "Көксай" курорттық киіз үй қалашығын салуды көздеп отыр. Бұл туралы "Интерфакс-Қазақстан" агенттігіне облыстық кәсіпкерлер палатасы хабарлады.
"Жобаны іске асыру үшін 935 млн теңге инвестиция тартылатын болады", – деп мәлім етті палата өкілі.
Палатаның ақпаратына сүйенсек, курорттық киіз үй қалашығы жылына 15 мың адам қабылдай алады.
Демалыс орнында қонақ үй, әкімшілік ғимараты, қоғамдық тамақтану нысандары мен көлік тұрағы секілді барлық қажетті инфрақұрылым қарастырылмақ.
Айта кетейік, "Baiterek Travel Center" ЖШС туризм саласында қызмет етіп жүрген компания.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу