ТЖМ мәліметінше, Талас ауданындағы "Тараз – Қаратау" автожолында жолдың жүру бөлігінде тұрып қалған 10 жеңіл автокөлік құтқарушылардың күшімен қауіпсіз учаскелерге сүйретіліп шығарылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Сонымен қатар Жуалы ауданында "Тараз – Шымкент" автожолының Шақпақ ата ауылы маңында қар құрсауында қалған тағы екі жеңіл автокөлік жолдың жүру бөлігіне шығарылды.
Бұдан бөлек, осы аудандағы басқа учаскеде қарға батып қалған 3 автокөлік сүйрету арқанының көмегімен қауіпсіз жерге жеткізілді.
Жалпы құтқарушылар 9 азаматқа көмек көрсетті. Зардап шеккендер жоқ.
Төтенше жағдайлар министрлігі жүргізушілерді ауа райы жағдайларын ескеріп, жолда қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырды.