Жамбыл облысында қылмыс саны 30 пайызға азайды

767

Жыл басынан бері Жамбыл облысында қылмыстар саны 30 пайызға азайды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Жамбыл облысында қылмыс саны 30 пайызға азайды Фото: inbusiness.kz

"Бұл көрсеткішке жыл басынан бері қабылданған іс-шаралардың арқасында қол жеткізіп отырмыз. Облыс аумағында ауыр және аса ауыр қылмыстар саны азайып, олардың ашылу көрсеткіші артты. Кісі өлтіру, қарақшылық, алаяқтық, интернет алаяқтық, мал ұрлығы, пәтер ұрлығы, қалта ұрлығы, денсаулыққа ауыр зиян келтіру секілді қылмыс түрлері азайды. Қоғамдық орындарда жасалған және кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстар санының да азайғанын ерекше атап өткім келеді. Мұнымен қоса, Жамбыл өңірінде ұзақ уақыт бойы әрекет етіп келген бірнеше ұйымдасқан қылмыстық топтардың да жолы кесілді", – деді Жамбыл облысы Полиция департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Арманбек Баймурзин журналистермен өткен брифингте.

Департамент бастығы сондай-ақ, синтетикалық есірткімен күрес, жол апаттары, полиция қызметін цифрландыру мәселелеріндегі кемшіліктер мен жетістіктерге де тоқталды.

Бұған дейін Таразда полиция қызметкері каналдан екі баланы құтқарып қалған деп хабарлаған болатынбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу