Жамбыл облысында қызметкер үйіндінің астында қалып, мерт болды

123

Қайғылы оқиға 18 қыркүйекте Жамбыл облысында болды. 

Жамбыл облысында қызметкер үйіндінің астында қалып, мерт болды Фото: freepik

Жамбыл облысындағы Ақбақай жер асты кен орнында қызметкер қаза болды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қайғылы оқиға 18 қыркүйекте Жамбыл облысында болды. “Алтыналмас” компаниясы Ақбақай жерасты кен орнында тас опырылып, қызметкер үйінді астында қалғанын айтады.

Оқиға орнына жедел-құтқару жасағы келіп, іздеу-құтқару операциясы басталғанын хабарлады. Алайда тау жыныстарының қозғалысы мен географиялық жағдайға байланысты жету қиын болды.

“Алтыналмас” АҚ техникалық қызмет көрсету және жөндеу шеберінің қазасын растады. Оқиғаға байланысты жұмыс тобы құрылды. Апаттың себептері мен мән-жайын анықтау үшін арнайы комиссия жұмыс істеп жатыр.

Компания марқұмның отбасына көңіл айтып, жан-жақты көмек көрсетуге уәде берді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу