Жамбыл облысында лимон өсіріле бастады

1060

Меркі ауданында орналасқан 42 жылыжайда қияр, қызанақ және құлпынай өсіріледі. 

Жамбыл облысында лимон өсіріле бастады

Ақтоған ауылының тұрғыны Данияр Әбдіразақ қиярдың арасына 25лимон  көшетін отырғызды. Бұл туралы Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап inbusiness.kz хабарлайды.

Жас кәсіпкер 2018 жылы жылыжай салып, жұмысын қияр өсіруден бастаған еді. "Атамекен" аймақтық кәсіпкерлер палатасы лимон өсіру туралы семинар өткізгеннен кейін, Данияр отырғызып көруге бел буды. Ол қиярдың арасына 25 лимон көшетін отырғызды, оларды өсіру әдістерін игере бастайды. Алғашқы өнімді де алып үлгерді, болашақта ол бүкіл облысты лимонмен қамтамасыз етуді жоспарлап отыр.

Даниярға алғаш рет лимонды жылыжайда өсіру туралы ой Оңтүстік Кореяда өткізілген тәжірибеден кейін келді. Содан соң бұл жұмыс қиын емес екенін түсінген.

"Мен жұмсалатын шығын мен түсетін пайданың айырмашылығын есептеп көрдім, оның қаншалықты тиімді екенін түсіндім. Біздің климатымыз Кореяға ұқсас. Айырмашылығы тек ол жерде топырақтың ылғалдылығы жоғары. Бірақ біздің топырақ құнарлы. Мен мал ұстаймын, сондықтан маған тыңайтқыш қажет емес. Тезек пен гумус өсімдіктерді тыңайтуға қолайлы. Қазіргі кезде мен 25 лимон көшетін отырғыздым, олар Ташкенттен әкелінген. Әрқайсысының құны 4500 теңгені құрайды", – деді Данияр Әбдіразақ.

Аталған жобаны жүзеге асыру үшін ол қайтарымсыз 2,5 млн теңге грант ұтып алған. Ағаштар бірнеше жылдан кейін түгелдей жеміс бере бастайды, әр ағаштан 50-60 кг өнім алу жоспарда бар.Әзірше фермер көшеттерді күтіп-баптап, оларды өсіруде.

Облыс әкімнің айтуынша, өңірде тағы төрт фермер мемлекеттік қолдауды пайдаланып, әрқайсысы 100 дана лимон көшеттерін отырғызған. Жақында лимон жеміс бере бастайды. Қазір лимонның килограмы 1000 теңгені құрайды, карантин кезеңінде оның бағасы 2000 теңгеге дейін өсті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу