Жамбыл облысында Мәдениет клубы спортшылар мен дәрігерлерге ортақ болып кеткен

517

Кеңес ауылында спорт мектебі жоқ

Жамбыл облысында  Мәдениет клубы спортшылар мен дәрігерлерге ортақ болып кеткен Фото: KAZ.NUR.KZ

Жамбыл облысында қуықтай мәдениет клубына дәрігерлер мен спортшылар өзара сыйысуға мәжбүр. Себеп - тұтас ауылда спорт мектебі атымен жоқ, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Аядай мәдениет үйінің бір бөлігінде ақ халаттылар елді емдейді, ал сахнасында спортшылар жаттығады. Ауыл болғалы жас буынға жағдай жасалмағаны жергілікті жұртты әбден қажытқан.

"Балаларға жаның ашиды. Терлеп-тершіп шығады, үйлеріне жеткенше суық тиіп жатыр. Грибок болып жатыр балалар. Сол темір-терсегіміз жоқ, оны көтермеген балалар қайдан шымыр болады?  Барымыз да, нарымыз да осы спортта. Осы бір ғана күрес ауылда," - дейді Кеңес ауылының тұрғыны Елдос Алтынбеков.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу