Жамбыл облысында марихуана сақтаған 55 жастағы ер адам ұсталды

466

Ұсталған адам кінәсін мойындады. 

Жамбыл облысында  марихуана сақтаған 55 жастағы ер адам ұсталды Фото: polisia.kz

Жамбыл облысының ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын ұйымдастырып өткізді.

Тея атты қызметтік-іздестіру итін пайдаланып, ұсталған азаматтың тұрғылықты жерін тінту барысында үйдің шатырынан жалпы салмағы 9 келі 13 гр болатын кептірілген марихуана табылды.

- ҚР ҚК 296-бабының 4 - бөлігімен “Аса ірі мөлшерде есірткі құралдарын заңсыз сақтау” және ҚР ҚК  297-бабының 3- бөлігі “Аса ірі мөлшерде есірткі заттарын өткізу мақсатында заңсыз сақтау” бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды, - деп хабарлады ПД ЕҚҚІБ бастығы Әлім Бажықбаев.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу